Жыл соңына дейін Арғымақ және Ақтас, Ақтас-2, Ақжар елді мекендері табиғи газбен қамтылады.
Шымкент қаласы Тұран елді мекеніндерінің 14-і көгілдір отынмен қамтылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Былтырғы жылдың соңында Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар елді мекендерін табиғи газбен қамту бойынша құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Қазір сынама жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін Арғымақ және Ақтас, Ақтас-2, Ақжар елді мекендері табиғи газбен қамтылатын болады.
Көгілдір отынмен жартылай қамтылған Құрсай және Жаңаталап елді мекендерінде бүгінде жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2025 жылға дейін аудан тұрғындары толық табиғи газ көзіне қосылады.