ШЫМКЕНТ: Тұран шағын ауданында жол құрылысы жүргізіліп жатыр

0
728

Бүгінде №8 көше құрылысының 80 %-ы аяқталған.


ШЫМКЕНТ: Тұран шағын ауданында жол құрылысы жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы Тұран шағынауданындағы жол құрылысы қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тұран шағынауданындағы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау туралы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, мұнда қазір жол құрылысы жұмыстары қарқын алған.
Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков аталған шағынауданға барып, құрылысы жүріп жатқан жолдардың жұмыс барысын пысықтады.
Атап айтар болсақ, №8 жол құрылысы мердігер мекеме «Агат» тарапынан 2020 жылы басталған болатын. Бүгінде №8 көше құрылысының 80 %-ы аяқталған. Осы жылы аталған көшенің құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілу жоспарлануда. Осыған байланысты басқарма басшысы №8 көше тұрғындарымен кездесіп, жол құрылысының сапасы мәселесін талқылады.
Қазіргі уақытта Тұран шағын ауданындағы №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 көшелерінің құрылысы жүріп жатыр. Биыл №1,2,6,7,8,10 көшелерінің құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқтау жоспарға қойылған.