ШЫМКЕНТ: «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» әр салымшыға 101 мың теңге сыйақы береді

0
2 153

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жаңа кеңес беру орталығын іске қосты.


ШЫМКЕНТ: «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» әр салымшыға 101 мың теңге сыйақы береді

Бүгінгі таңда 1,5 млн. қазақстандық мемлекеттік қаржы институты – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне сенім білдіріп, 2019 жылы 350 000 мың адам депозитке салым жинақтауды бастаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі уақытта Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде Шымкент қаласынан 98 436 салымшы бар, олардың жалпы жинағы 49,9 млрд. теңгені құрап отыр. Тиісінше, салымшылар ТҮҚЖ банкінде қаржысын жинақтай отырып, ең тиімді 2%-8,5% аралығында баспана алуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, қаржысын жинақтай отырып, банк сыйақысынан бөлек, жыл сайынғы мемлекет сыйақыға да ие бола алады. Оның мөлшері 20% құраса, әр адам банкке 505 000 теңге салып, 101 000 теңге сыйақы алуға мүмкіндігі бар. ТҮҚЖБ Шымкент филиалы директоры Сейітмамбетов Құдайбергеннің айтуынша, ол үшін 31 желтоқсанға дейін депозитті толтырып үлгеру қажет.

Сондай-ақ, Шымкент қаласында аталған банк тарапынан тұрғындар үшін ашылған жаңа кеңес беру орталығы өз жұмысын бастады. Жаңа форматта жабдықталған кеңес беру орталығы Қонаев гүлзары мен Рысқұлов көшесі қиылысында орналасқан. Бұдан былай, ТҮҚЖ банкі барлық кеңес беру орталығында тұрғындар тек депозит ашып қана қоймай, сондай-ақ, несие рәсімдеу үшін өтінім беріп, өз мүмкіндіктерін алдын-ала бағалай алады.

Атап айтсақ, Шымкент қаласындағы Кеңес беру орталықтары төмендегі мекен-жайларда орналасқан:

  • Рысқұлов көш. "Гипер Хаус" сауда орталығы;
  • Қонаев гүлзары "Алтын" сауда үйі;
  • Асқаров көшесі, 32 үй;
  • Рысқұлов көшесі "Север" сауда үйі;
  • Нұрсәт мөлтек ауданы, Халықты жұмыспен қамту орталығы ғимаратында.

Одан бөлек, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кез келген бөлімшесінде немесе Сізге ыңғайлы уақытта және ыңғайлы жерге келетін кеңесшінің көмегіне жүгінуге болады. Кеңесшіні www.hcsbk.kz сайтындағы «Сіздің кеңесшіңіз» бөлімі арқылы немесе ұялы телефоннан 300 нөміріне хабарласып шақыра аласыз (қоңырау шалу тегін).