ШЫМКЕНТ: Тұрғындар қала әкімінің атына «Виртуалды қабылдау» арқылы өтініштерін жолдай алады

0
1 039

Бұл бағдарлама қала әкімінің атына жолданатын өтініштегі көтерілген мәселеге дер кезінде көмек көрсету мақсатында жасалып отыр.


ШЫМКЕНТ: Тұрғындар қала әкімінің атына «Виртуалды қабылдау» арқылы өтініштерін жолдай алады

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі тұрғындардан барлық сауалдарды әкімдіктің ресми shymkent.gov.kz сайтындағы «Виртуалды қабылдау» арқылы жолдауды сұрайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми парақшасында жарияланды.

«Қала әкімінің атынан ашылған жалған парақшалар арқылы оқырмандар тарапынан келген сауалдарға заңсыз жауап беріліп отырғандықтан өтініштер тек қана «Виртуалды қабылдау» мен WhatsApp (87778858513) нөмірі және Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 10 мекенжайында орналасқан «Халықтық кеңсе» арқылы қабылданып, тиісті мерзімде заң аясында жауап беріледі», - делінген хабарламада.



Еске сала кетейік, осының алдында Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың әлеуметтік желілерде екі ғана ресми аккаунты бар екенін хабарлаған болатынбыз.