Шымкент: Тұрғындардың 95 пайызы сапалы электр қуатымен қамтылады

0
1 171

2020 жылы магистралды ішкі орамдардың құбырларына күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізіліп, тозу деңгейі 43 пайыздан 38 пайызға төмендеген.


Шымкент: Тұрғындардың 95 пайызы сапалы электр қуатымен қамтылады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын халық арасында кеңінен насихаттау үшін арнайы тапсырмалар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты Жолдау аясында халықтың тұрмыс деңгейін арттыру, оларға қолайлы жағдай жасау бойынша ақпараттық-коммуникациялық орталығында қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жолшыбек Шайхсламов тікелей эфирде сұхбат берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

– Осы жылы қала тұрғындарының 94,7 пайызы ауыз сумен қамтылса, тағы 19 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, ел игілігіне берілуге жақын. Ал көгілдір отынның қуаттылығын одан әрі арттыру үшін салынып жатқан АГРС-3 нысаны қараша айында пайдалануға беріледі. Оған қоса, жыл соңында 7837 абонент сапалы электр қуатымен қамтылып, көрсеткіш 93%-дан 95%-ға дейін жоғарылайды, – деді Жолшыбек Мұхтарұлы.

Басқарма басшысының сөзінше, 2020 жылы магистралды ішкі орамдардың құбырларына күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізіліп, тозу деңгейі 43 пайыздан 38 пайызға төмендеген. Атап айтқанда, 347,7 млн теңгені құрайтын 1 нысан (Адырбеков көшесіндегі ТК–20-дан Тәуке хан даңғылына дейінгі магистралды жылу желілерін жөндеу) және 3 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жалпы 82,0 млн теңге қаржы игерілген.