ШЫМКЕНТ: Ұлттық нақыштағы бұйымдар жәрмеңкеге қойылды ​

0
812

Кейінгі жылдары елімізде бұл салаға ерекше көңіл бөлініп келеді.


ШЫМКЕНТ: Ұлттық нақыштағы бұйымдар жәрмеңкеге қойылды ​

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында креативті индустрияны экономиканы өркендететін, халықты жұмыспен қамтуға ықпал ететін бағыт ретінде атап көрсеткен еді.

Қазақстанда бұл сала әлі дамымаған. Креативті индустрияның ішкі жалпы өнімдегі үлесі бір пайызға да жетпейді, жұмыспен қамту саласындағы үлесі өте төмен.

Мемлекет басшысының пайымдауынша, дарынды азаматтарды өзіне тартатын орындар, яғни кретивті индустрия орталықтары барлық облыс орталығында болуға тиіс. Онда креативті адамдардың өз өнімін коммерцияландыруына көмек көрсетілуі керек.

Кейінгі жылдары елімізде бұл салаға ерекше көңіл бөлініп келеді.


Республика бойынша халық ең көп шоғырланған Шымкент қаласында бұл бағытты дамыту ерекше жолға қойылған. Шымкент Креативті индустрия ассоциациясы 2022 жылдан бері жеке кәсіпкерлермен жұмыс жасап, оларға бағыт-бағдар беріп келеді. Соның айғағы бүгін Арбат алаңында Шымкент қаласының креативті индустриясы кәсіпкерлері қатысқан жәрмеңкеде дәлел болды.

Кәсіпкерлер өз өнімдерін халыққа ұсынып, ұлттық нақышта дайындалған бұйымдардан көрме ұйымдастырды.

Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустриясы мен Шымкент қаласының Креативті индустрия ассоциациясымен бірге ұйымдастырылған жәрмеңкеге қолөнершілер, тоқымашылар, дизайнерлер, суретшілер және т.б. шеберлер қатысты.
Аталған іс-шара алдағы уақытта аптаның әр сенбі күні тұрақты түрде өткізіледі.