ШЫМКЕНТ: Ұлттық Ұлан сарбаздары алғашқы болып дауыс берді

0
153

Бөлімдегі 191 мерзімді әскери қызметші референдумге қатысып, өз таңдауларын жасады.


ШЫМКЕНТ: Ұлттық Ұлан сарбаздары алғашқы болып дауыс берді

ERNUR.KZ. Шымкенттегі №6698 әскери бөлімінде орналасқан номері №30 сайлау учаскесінде таңдау жасау 06:00-де басталды.

Бөлімдегі 191 мерзімді әскери қызметші референдумге қатысып, өз таңдауларын жасады. Учаскеде әскерилердің еркін таңдау жасауы үшін тиісті мүмкіндіктер жасалған.
Естеріңізге сала кетейік, әскери бөлімдерде дауыс беру таңғы 06:00-ден басталып, қызметкерлер 07:00-ден қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кірісетін болады.