ШЫМКЕНТ: Заңсыз айналымда болған 29 мың литр алкоголь өнімдері тәркіленді

0
892

Аталған заңбұзушылықтарға қатысты айыппұлдар салынды.


ШЫМКЕНТ: Заңсыз айналымда болған 29 мың литр алкоголь өнімдері тәркіленді

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті заңсыз айналымда болған темекі, алкоголь және мұнай өнімдерін анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан темекі өнімдерінің айналымына жасалған тақырыптық тексеру нәтижесінде заңсыз (контрафактілі) айналымда болған құны 1,2 млн. теңгені құрайтын 6415 қорап темекі өнімдері тәркіленіп, сот органдарына жіберілген және 2 146,2 мың теңге әкімшілік айыппұл салынған.

Сонымен қатар, алкоголь өнімдерінің айналымына жасалған тексеру нәтижесінде ҚР Заңнамаларына қайшы, яғни заңсыз айналымда болған құны 15,9 млн. теңгені құрайтын 29 мың литр алкоголь өнімдері анықталып, барлық құжаттар сот органдарына өткізілген. Нәтижесінде, 4 368,2 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, аталған алкоголь өнімдері тәркіленген.


Одан бөлек, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан мұнай өнімдерінің айналымына жасалған тексеру нәтижесінде заңсыз айналымда болған жалпы бағасы 6,5 млн. теңгені құрайтын 39,2 тонна мұнай өнімдері анықталып, тәркіленген және 1 224,7 мың теңге әкімшілік айыппұл салынған.

Айта кетейік, барлық құжаттар сот органдарына жіберілді.