Бұл автобустар — Қазақстанда, Қарағанды қаласында құрастырылған отандық өнім. Жаңа тасымалдаушы – «Bozjorga Bus» ЖШС қызмет көрсетуде.
Шымкент қаласында қоғамдық көлік қызметін жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек тарқатып айтып берді.
Жуырда №150 және №146 бағыттарға 30 жаңа Yutong маркалы автобус жолға шықты. Бұл автобустар — Қазақстанда, Қарағанды қаласында құрастырылған отандық өнім. Жаңа тасымалдаушы – «Bozjorga Bus» ЖШС қызмет көрсетуде.
Қала әкімдігі тарапынан бәсекелестік орта қалыптастыру арқылы көлік сапасын арттыру, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделіп отыр.
Сондай-ақ, Еңбекші ауданы Қойкелді батыр – Ақназархан көшелеріндегі теміржол өткелі 23 қыркүйекте қайта жөнделіп, пайдалануға берілді. Жөндеу жұмыстары 5 ай ішінде аяқталып, өткелдің барлық негізгі құрылымдары жаңартылды. Бұл – қаладағы көлік қатынасын едәуір жеңілдетуге бағытталған маңызды жоба.