Шымкент: ​ЖАС ПАТРИОТТАР БАС ҚОСҚАН МАҢЫЗДЫ АЛАҢ

0
128

Шымкентте өткен фоурмға Астанадан «Жас патриоттар академиясының» негізін қалаушылардың бірі Битуова Тілдаш Рысқұлбекқызы бастаған білім беру ісінің ардагерлері жиналды.


Шымкент: ​ЖАС ПАТРИОТТАР БАС ҚОСҚАН МАҢЫЗДЫ АЛАҢ

ERNUR.KZ. Ол Қазақстандық жас патриоттар Академиясының құрылғанына 10 жыл толуына арналды. «Рухы биік патриот сарбаз – ел қорғаны» атты тақырыпта өткен жиын академияның VII-ші форумы.


Шымкентте өткен фоурмға Астанадан «Жас патриоттар академиясының» негізін қалаушылардың бірі Битуова Тілдаш Рысқұлбекқызы бастаған білім беру ісінің ардагерлері жиналды. Форумды ұйымдастыруға Шымкент қалалық білім басқармасы мен ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты қалалық әскери комисариат мамандары атсалысты. Сондай-ақ әскери-патриоттық және волонтерлік ұйымдардың да мүшелері белсенділік танытты.

Форумның салтанатты ашылуында құттықтау сөз сөйлеген Тілдаш Битуованың айтуынша «Қазақстандық жас патриоттар академиясы» өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен азаматтық сананы тәрбиелеуде үлкен рөл атқарып келе жатқан бірден бір қоғамдық ұйым.
–Жаһандық тұрақсыздық дәуірінде мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналып, әлеуметтік мәнге ие болуда. Жаһандану дамуының және шағын мемлекеттердің мәдени құндылықтарына шабуылдың аса күрделі жағдайында жас қазақстандықтың өз елінің тарихына, мемлекеттік тіліне, бай мәдениеті мен біртұтас халқының дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру қажет.

Академия оқытушыларының тұжырымдамалық міндеті – балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігін мүмкіндігінше ерте ояту, олардың бойында өз елінің лайықты тұлғасы және лайықты азаматы болуына көмектесетін мінез-құлық қасиеттерін қалыптастыру, тәрбиелеу және өз үйіне, мектебіне, туған көшесіне, қаласына деген сүйіспеншілік пен құрмет пен ел жетістіктеріне мақтаныш сезімін, әскерге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру, қоғам өміріндегі құбылыстарға қызығушылықтарын дамыту болып табылады.

Патриотизм мемлекеттің өміршеңдігінің моральдық негізі болып табылады және қоғам дамуының маңызды ішкі жұмылдырушы ресурсы, тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымы ретінде әрекет етеді.