ШЫМКЕНТ: жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық бойынша кездесу өтті

0
145

Қылмыстық жауапкершілік жасын түсіндіріп, оның ауыр зардаптарға алып келетінін, болашақта жақсы азамат болу үшін жас кезінен бастап үлгілі тәртіп және білімімен ерекшелену қажеттілігін жеткізді.


ШЫМКЕНТ: жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық бойынша кездесу өтті

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция қызметкерлері Политехникалық колледж студенттерімен кездесті.

Іс-шараға Жергілікті полиция қызметі басқармасы Ювеналдық полиция тобының жауапты қызметкерлері қатысты.
Полицейлер студенттермен тәлім-тәрбиелік сұхбат жүргізіп, құқық бұзушылық және тәртіп бұзушылыққа жол бермей, жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын дұрыс ұстануға және бос уақытын тиімді пайдаланып, жан-жақты дамуға шақырды.
Сонымен қатар, қылмыстық жауапкершілік жасын түсіндіріп, оның ауыр зардаптарға алып келетінін, болашақта жақсы азамат болу үшін жас кезінен бастап үлгілі тәртіп және білімімен ерекшелену қажеттілігін жеткізді.
Адамның өмірі мен денсаулығы, құқықтары мен бостандығынан асқан ешқандай қымбат дүниелердің жоқтығын атап өтіп, қауіпсіз қоғам құру еліміздің әрбір азаматының міндеті екеніне тоқталды.
Бөлісу