ШЫМКЕНТ: Жастар орталығының қызметкерлері аз қамтылған отбасыларға дәрі қобдишаларын таратты

0
268

Жиынтықтардың құрамы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің негізінде айқындалған.


ШЫМКЕНТ: Жастар орталығының қызметкерлері аз қамтылған отбасыларға дәрі қобдишаларын таратты

Шымкент қаласында аз қамтылған отбасыларға дәрі-дәрмек қобдишалары таратылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте COVID-19 инфекциясының алдын алу мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері мен "Авиценна" көпсалалы медициналық колледжінің еріктілері атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға тегін дәрі-дәрмек қобдишаларын таратты.

Дәрілік топтаманың ішіне термометр, 100 дана медициналық бетперде, қолға арналған антисептик, ибупрофен және парацетамол дәрісі кіреді. Жиынтықтардың құрамы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің негізінде айқындалған.