ШЫМКЕНТ: «Жастар және руханият» аймақтық танымдық жастар форумы өтті
Жастар ресурстық орталығында Қазақстан діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен Шымкент қаласы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен, Шымкент қаласының және ҚМДБ Шымкент өкілдігінің бес жылдық мерей тойы мен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында «Жастар және руханият» аймақтық танымдық жастар форумы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Еске сала кетейік, Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастардың «Діни танымдығын арттыру» бойынша кездесу өткен болатын. Аталған кездесуге Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Бекеулов Серік Мадиханұлы және Шымкент университетінің жастары қатысты.
Аталмыш кездесу жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу, бейбітшілік пен адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, студенттермен кері байланыс орнатылды.
Сондай-ақ кездесу соңында жастарға арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілді. Одан бөлек, сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметту сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерге (инстаграм, фейсбук, телеграм, ватцап) келген ақпараттарды лайк, комментария және теріс діни ағымдағы фото-видеоларды таратпауға кеңес берді.