ШЫМКЕНТ: Жастардың діни танымдығын арттыру бойынша кездесу өтті

0
1 082

Кездесу соңында жастарға арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілді.


ШЫМКЕНТ: Жастардың діни танымдығын арттыру бойынша кездесу өтті

Бүгін Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастардың «Діни танымдығын арттыру» бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған кездесуге Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Бекеулов Серік Мадиханұлы және Шымкент университетінің жастары қатысты.
Кездесудің мақсаты - жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу, бейбітшілік пен адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру.
Кездесу барысында «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, студенттермен кері байланыс орнатылды. Сондай-ақ кездесу соңында жастарға арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілді.
Сонымен қатар, сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметту сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге (инстаграм, фейсбук, телеграм, ватцап) келген ақпараттарды лайк, комментария және теріс діни ағымдағы фото-видеоларды таратпауға кеңес берді.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында ұлтаралық татулық, жастардың діни танымдығын арттыру мақсатында кездесу өткізілген болатын.
Аталған шараға Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Самат Уәлихан, “ЕуроАзиялық медиация орталығы” қоғамдық бірлестігі атынан кәсіби медиаторы Пилецкая Юлия Николаевна, Зоя Сергеевна және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің колледжінің студенттері қатысты.

Іс-шара барысында жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметту сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғалып, жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды.