​ШЫМКЕНТ: Жауапсыздығынан кісі қағып өлтірген жүргізушіге сот үкімі шықты

0
1 362

Нәтижесінде жаяу жүргінші Т.М. алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған. «BMW» маркалы автокөлігінің жүргізушісі С.М.-нің және жолаушысы Е.В.-тың денсаулығына орта дәрежелі зиян келген.


​ШЫМКЕНТ: Жауапсыздығынан кісі қағып өлтірген жүргізушіге сот үкімі шықты

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен айыпталған Н.А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

23 тамыз 2018 жылы сағат 08:25-тер шамасында сотталушы Н.А. өзінің басқаруындағы «Toyota» маркалы автокөлігін Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылымен Көшеров көшесі бағытына қарай басқарып келе жатып, Көшеров көшесінің қиылысында өзі шығуды көздеген жүру жолағы бос екендігіне көз жеткізбей, солға бұрылмақ болып, қарама-қарсы бағыттан бағдаршамның жасыл түсіне тіке жүріп келе жатқан жәбірленуші С.М.-нің басқаруындағы «BMW» маркалы автокөлігіне жол бермей, оған соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасаған. Соқтығыс салдарынан «BMW» маркалы автокөлігі соққының екпінімен жолдың оң жақ шетіндегі бағананы соғып, сол жерде тұрған жаяу жүргінші Т.М.-ты қағып барып тоқтаған. Нәтижесінде жаяу жүргінші Т.М. алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған. «BMW» маркалы автокөлігінің жүргізушісі С.М.-нің және жолаушысы Е.В.-тың денсаулығына орта дәрежелі зиян келген.

Сот үкімімен сотталушы Н.А. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол осы баппен 4 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде сотталды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты жекеше қаулы шықты.

Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енбеген.