Зообаққа кіру бағасы 6-17 жасқа дейін 300 тг, 17 жастан жоғарыларға 600 тг.
Бүгіннен бастап Шымкент зообағына Каспий қосымшасы арқылы билет сатып алуға болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ол үшін Каспий қомымшасына кіріп, ойын-сауық бөліміне өтесіз, одан кейін саябақтар мен ашық алаңдар бөлімін таңдайсыз.
Зообаққа кіру бағасы:
6-17 жасқа дейін 300 теңге, 17 жастан жоғарыларға 600 теңге.
6 жасқа дейінгі балалар мен ардагерлерге және І-ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тегін.
Шымкент хайуанаттар бағы – еліміздегі ең алғашқы зоологиялық парктерінің бірі. Ол 1980 жылы ашылды. Онда түрі 200-ден асатын 2000-нан астам жануар бар. Мұндағы жануарлардың 40 түрі Қызыл кітапқа енген. Балықтың 70 түрінен,1000-нан астам балық мекендейтін аквариум орналасқан.
Зообақ демалыссыз 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.