​ШЫМКЕНТКЕ ҚАТАРЛЫҚ ІРІ КОМПАНИЯ ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ

0
82

Қонақүй бизнесі, туризм, тұрғын үй құрылысы, металлургия, ауыл шаруашылығы және су тазарту нысандары саласындағы бастамалар талқыланды.


​ШЫМКЕНТКЕ ҚАТАРЛЫҚ ІРІ КОМПАНИЯ ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ

Шымкент қаласында катарлық «Power International Holding» (PIH) компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Шетелдік инвесторлар шаһар экономикасына қаржы құйып, бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.

Әңгіме барысында қонақүй бизнесі, туризм, тұрғын үй құрылысы, металлургия, ауыл шаруашылығы және су тазарту нысандары саласындағы бастамалар талқыланды.
«Power International Holding» Парсы шығанағындағы ең ірі әрі қарқынды дамып келе жатқан конгломераттардың бірі. Компания экономиканың негізгі секторларында жұмыс істейді және Қазақстанда да ауқымды жобаларды жүзеге асыруда. Атап айтқанда, мұнай-газ, энергетика және телекоммуникация салаларында белсенділік танытып отыр.
Кездесу барысында қала тарапынан инвесторлардың қызығушылығына ризашылық білдіріліп, бірлескен бастамалардың маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ жобаларды жүзеге асыруда жан-жақты қолдау көрсетілетіні айтылды. Қалаға инвестиция тартуды қажет ететін басым бағыттар айқындалып, салалық басқармаларға Шымкенттің инвестициялық әлеуетін толық таныстыру тапсырылды.
Бөлісу