Шымкентке пневмония мен коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмек жеткізілді

0
826

Олар Ресей, Өзбекстан, Беларусия, Украина және Үндістан елдерінен әкелінді.


Шымкентке пневмония мен коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмек жеткізілді

Шымкентке пневмония мен коронавирусы емдеуге арналған дәрі-дәрмек жеткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласына Ресей, Өзбекстан, Беларусия, Украина және Үндістан елдерінен жұқпалы ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер келіп түсті.
Сондай-ақ, 4 млрд теңге ($10 миллион) сомаға келісім-шарт жасалған фармацевтикалық өндірушілерден тікелей қала аумағына жүк ұшағы мен үш жүк көліктері келді.
Шымкент қаласына дәрілік препараттарды тасымалдауға рұқсат етілген сегіз компания жеткізді. Атап айтқанда: левофлоксацин, цефтриаксон, дексеметазон, аскорбин қышқылы және басқа да препараттардың 20-дан астам түрі әкелінді.
Аталмыш жұмыстар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес,ел халқын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп отыр.
Дәріханаларға келіп түскен дене қызуын төмендететін және вирусқа қарсы препараттар ЖРВИ, COVID-19, пневмонияны емдеуге арналған.
Өзге елдерден қажетті дәрі-дәрмектердіжеткізуге жергілікті сегіз компания рұқсат алған. Шымкент қаласына Өзбекстан Республикасынан дәрі-дәрмектерді бес компания жеткізіп отыр. Дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша келісім-шарттың сомасы төрт миллиард теңгеден асады.
Сонымен қатар, "Ақ ниет" компаниясы дәрі-дәрмектің - 14 түрін, "Зерде" - 10, "Аптека-5"-8, "Қойбағаров" ЖК - 9, "Отау Мед" - 23 түрін жеткізді.
Қазіргі таңда, келіп түскен дәрі-дәрмектер қаланың ірі дәріханаларына толық жеткізілді. Бүгінгі таңда, дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша жұмыстар тұрақты тұрақты жүргізілуде.