​Шымкентте 10 мыңнан астам өтініш беруші емтихан тапсыра алмаған

0
352

2024 жылдың басынан 24 мыңнан астам шымкенттік жүргізуші куәлігін алуға өтініш білдірген


​Шымкентте 10 мыңнан астам өтініш беруші емтихан тапсыра алмаған

2024 жылдың басынан 24 мыңнан астам шымкенттік жүргізуші куәлігін алуға өтініш білдірген. Оның 14 мыңы емтиханды сәтті тапсырып, жүргізуші күәлігін алды. 10 мыңнан астам адам теориялық емтихан тапсыра алмай, нәтижесінде – практикалық емтиханға жіберілмеді.

Мәселен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкенттегі филиалы 2023 жылы енгізілген ЖЖЕ 3.0 жүйесінің ақасында теориялық емтихан тапсыру қиындай түскенін атап өтті. Осылайша, ағымдағы жылдың басынан 40-қа жуық тест нәтижесі жойылды.
Естеріңізге сала кетейік, ЖЖЕ 3.0 жүйесі емтихан тапсырушының емтихан кезіндегі іс-қимылын және тестілеу үдерісінің аудио және бейне жазбаларын жасауға мүмкіндік берді. Емтихан тапсыру кезінде клиент биометриялық деректер бойынша сәйкестендіріледі, бұл бөгде адамдардың емтиханға кіруіне тосқауыл болады.
Айта кетейік, жылдың басынан бері мамандандырылған ХКО арқылы шамамен 133 мың азамат мемлекеттік қызмет алды. Ал, жүргізуші куәлікке келсек, 18 мың шымкенттік жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталуына байланысты ауыстыруға өтініш тапсырып, 94 мыңға жуық адам көлігін қайта тіркеді.
Естеріңізге сала кетейік, үміткер жүргізуші куәлігін алғаш рет алу үшін екі емтихан тапсыруы керек – теориялық және практикалық. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында төрт Мамандандырылған ХҚО жұмыс істейді, олардың екеуінде автодром бар.