​Шымкентте 100-ге жуық азамат құны 1 млн теңгеден асатын дәрімен қамтылуда

0
75

Дерт ұзақ уақытқа созылып, кезең-кезеңімен асқынады. Уақытылы ем қабылдамау мүгедектікке душар етуі мүмкін.


​Шымкентте 100-ге жуық азамат құны 1 млн теңгеден асатын дәрімен қамтылуда

Шымкентте псориаз ауруына шалдыққан 100-ге жуық азамат тіркелген емханалары арқылы қымбат бағалы биологиялық препаратпен қамтамасыз етілуде.

Бір құтысының құны 1 миллион теңгеден асатын «устекинумаб» дәрісі науқастарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен берілуде.

Дәрігерлердің айтуынша, емді аурудың көрсеткішіне қарай жылына кемінде 4 флаконға дейін қабылдау қажет. Препарат тері астына иньекция түрінде салынады.
51 жастағы Ғалым Ізтілеу псориазбен 13 жыл бойы күресіп келеді. Соңғы екі жылдан бері тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелген қалалық №10 емханадан МӘМС есебінен биологиялық препаратпен емделіп жүр. Оның айтуынша, емнің нәтижесінде денсаулығында оң өзгеріс байқалған. Бұрын гормоналды жақпамайлар мен басқа да емдеу тәсілдерін қолданып көргенімен, айтарлықтай нәтиже болмаған. Ал қазір терідегі қабыну белгілері мазаламайды.
Айта кетсек, псориаз – терінің созылмалы қабыну ауруы. Дерт ұзақ уақытқа созылып, кезең-кезеңімен асқынады. Уақытылы ем қабылдамау мүгедектікке душар етуі мүмкін.
Жалпы, МӘМС жүйесі аясында ересектер мен 18 жасқа дейінгі балаларды амбулаториялық деңгейде қамтамасыз ететін дәрілік заттардың қолжетімділігі кеңейтілді. Бүгінде Шымкент қаласында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңбері мен МӘМС жүйесі аясында дәрі-дәрмек 80-ге жуық нозология бойынша босатылады.
Бөлісу