Шымкентте 1215 жолаушы темір жол билетін қайтарған

0
1 106

2020 жылғы 17 наурыз күні 1135 шымкенттік тұрғын билеттерін қайтарған.


Шымкентте 1215 жолаушы темір жол билетін қайтарған

Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары карантин режиміне көшуіне байланысты шымкенттіктер пойыз билеттерін өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда, 2020 жылғы 17 наурыз күні 1135 шымкенттік тұрғын билеттерін қайтарған. Ал 18.03.2020 жылы қазіргі уақытқа дейін 1215 адам билеттерін қайтарған.

Алматы және Астана қаласына баруға жоспарлаған азаматтар билеттерін қайтарып алған.

Бұл ретте билеттер кассалары қосымша қолма-қол ақшамен қамтамасыз етіліпті. Жауаптылар халықтан билетті қайтару процесіне түсіністікпен және шыдамдылықпен қарауды сұрайды.