Шымкент қаласы бойынша амбулаторлық деңгейде мемлекеттік емхана және 31 жеке меншік медициналық орталықтар қызмет атқарады.
Шымкент қаласында 2023 жылдың 15 қыркүйек пен 15 қараша күндері аралығында 2024 жылға бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына өз еркімен тіркелу науқаны жүргізіледі.
Бүгін осы және басқа да ақпараттармен Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенбаева Сауле Сансызбайқызы Ақпараттық-коммуникациялық орталығының баспасөз алаңында бөлісті.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, емханаға тіркелуге Электрондық үкіметтің «egov» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар тікелей жүгінген кезде ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша нысанда өтінімді ресімдеу мынадай санаттағын азаматтар бере алады:
1) зейнеткерлер;
2) мүгедектер;
3) қамқоршылар тағайындалған заң бойынша бала кезінен мүгедектер (осы санаттағы жеке тұлғалар, кәмелетке толғандар болуы мүмкін), сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және басқа да оларды алмастыратын адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да заңды өкілдері);
4) колонияларда өтеуші сотталғандар (өтеу орны бойынша);
5) студенттер, сондай-ақ медреседе оқитын студенттер;
6) мерзімді қызмет әскери қызметшілері;
7) шет мемлекеттерде туған балалар;
8) сәбилер, жетімдер, қарттар үйлері және т. б.;
9) сенімхат бойынша бекітуді ресімдейтіндер.
МСАК ұйымына тікелей жүгінген кезде МСАК ұйымының мамандары "Бекітілген халық тіркелімі" медициналық ақпараттық жүйесіне тіркеуге сұрау салуды ресімдейді. Ақпараттандыру ұйымының маманы тіркеуге сұрау салуды қарайды және өтінімді мақұлдау немесе дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
МСАК ұйымдарына бекіту МСАК көрсету үшін негіз болып табылады және:
1) МСАК аумақтық қолжетімділігі;
2) МСАК ұйымын еркін таңдау;
3) МСАК маманын (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт, учаскелік педиатр) еркін таңдау;
4) отбасылық қызмет көрсету;
5) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан МСАК ұйымдарының тең құқығы және адал бәсекелестігі қағидаттарымен жүзеге асырылады.
МСАК көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне қадамдық қолжетімділік - халықтың демографиялық өсуін ескере отырып, (республикалық маңызы бар қаладағы аудандық) әкімшілік-аумақтық сақтай отырып, МСАК көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне 20 минуттық қадамдық қолжетімділгі ескерілуі тиіс.
Аумақтық қағидаттың негізінде учаскеге мамандарды бекіте отырып, МСАК учаскесі құрылады.
Бекіту науқаны кезінде МСАК ұйымына бекітілген тұлғалар қормен қызметтерді сатып алу шартын жасасқан жағдайда келесі жылғы 1 қаңтардан бастап МСАК алады.
Бекіту науқаны кезеңінде МСАК ұйымына еркін таңдау құқығын пайдаланбаған адам бұрын қызмет көрсетілген МСАК ұйымына бекітілген болып қалады.
Шымкент қаласы бойынша амбулаторлық деңгейде мемлекеттік емхана және 31 жеке меншік медициналық орталықтар қызмет атқарады.
Бекітілген халық тіркелімі порталында 53 бастапқы медициналық санитарлық ұйымы қызмет атқарады. 14 мемлекеттік емханаға 625 мың халық тіркелсе, 39 жекеменшік емханаға 565 мың азамат тіркелген.
Шымкент қаласында 2023 жылғы 1 қаңтарында бекітілген халық тіркелімі базасында 1 174 142 азамат болған, 2023 жылғы 1 қыркүйегінде 1 190 730 азамат болған.