Оның ішінде 88-де ауру белгілері анықталған болса, 92-де симптомпсыз болған.
Шымкентте 23 қаңтар күні 180 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде 88-де ауру белгілері анықталған болса, 92-де симптомпсыз болған. 68 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 112 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 828 орын бар, төсек орын толымдығы 47 пайыз. Инфекциялық стационарда 395 науқас, жансақтау бөлімінде 48 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 43 адам вакцина алды (I компонент- 24, II компонент- 19). Егу науқаны басталғалы барлығы 594 602 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 582 084 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 30 818 адам, II компонентін 13 673 адам қабылдады. Сондай-ақ, 69 264 адам ревакцинацияланды.