Оның жетеуі босанған әйел.
Шымкент қалалық №2 аурухананың COVID орталығында коронавирус жұқтырған 22 әйел емделіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның жетеуі босанған әйел. Бұл туралы Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырған баспасөз туры барысында айтылды.
— Аурухананың COVID орталығы 100 орынға бейімделген. Бүгінде 22 әйел ем қабылдап жатыр. Оның 7-еуі босанған, 15-і жүктіліктің түрлі мерзіміндегі әйелдер. Науқастардың денсаулығы орташа-қалыпты. Емдеу уақыты науқастың жағдайына қарай 5-12 күнге дейін созылуы мүмкін,- дейді Шымкент қалалық №2 аурухананың бас дәрігері Асқар Рахматалиев.