Думан Таев тәртіп сақшыларын құттықтап, алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруға тілектестігін білдірді.
ERNUR.KZ. Үшінші мегаполистің полиция департаменті 2023 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Нәтижесі бойынша, қызметтік міндетін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген үздік тәртіп сақшылары марапатталды.
Атап айтқанда, полиция подполковнигі Бағдатқызы Айнұр жылдың «Үздік штаб инспекторы» атанса, полиция капитаны Таштай Ақтөре «Үздік жедел уәкіл» номинациясын иеленді. «Үздік анықтаушы» атағын полиция капитаны Тұрғынбай Манап алды. Ал, жылдың үздік криминалисті полиция лейтенанты Молдабаев Нұржан болды.
Тұран АПБ-ның учаскелік инспекторы Алғабай Еркебұлан «Үздік учаскелік инспектор» деп танылса, полиция старшинасы Нұрлан Бекжанов жылдың үздік 102 операторы атанды. Бұған қоса, «2023 жылдың үздік кезекшісі,кадр инспекторы, көші-қон инспекторы, қызмет инспекторы, жол сақшысы, тәртіп сақшысы, арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының инспекторы, жол қозғалысын реттеуші инспекторы» номинациялары бойынша тағы 8 қызметкер марапатқа ие болды.
Полиция генерал-майоры Думан Таев тәртіп сақшыларын құттықтап, алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруға тілектестігін білдірді.