Шымкентте 2025 жылға дейін 14 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады

0
856

Бұл туралы индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков мәлімдеді.


Шымкентте 2025 жылға дейін 14 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады

Шымкент қаласында 2021 жылы түрлі салаларда 385 инвестициялық жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оларға тартылатын инвестиция құны 400,8 млрд. теңгені құрайды. Бұл туралы қала әкімінің алдындағы есепті кездесуінде қәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков мәлім етті.
Оның айтуынша, жобалардың 212-і мемлекеттік жобалар болса, жаңғыртылатын ірі кәсіпорындар бойынша 10 жоба, өнеркәсіп саласында 24 жоба, «Shymkent» ӘКК» АҚ арқылы 59 жоба іске асырылса, білім саласында 13, ал 58 жоба коммерциялық тұрғын үйлер мен ауыл шаруашылығы, туризм, денсаулық саласында жобалар бар.
Сонымен қатар, басқарма басшысы 2021-2025 жылдар аралығында жалпы құны 2,5 трлн. теңгені құрайтын 211 инвестициялық жоба іске асырылып, 14 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылатынын мәлім етті. Оның ішінде, 2021 жылы жалпы құны 155 млрд. теңгені құрайтын 2,5 мың жаңа жұмыс орнымен 47 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланып жатқанын айтты.