Шымкентте 2025 жылға дейін мың төсек орындық аурухана салынады

0
373

Сонымен бірге 10 медициналық мекеменің құрылысы жүргізіледі.


Шымкентте 2025 жылға дейін мың төсек орындық аурухана салынады

Шымкент қаласында алдағы жылдары 1 мың төсек орындық аурухана салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруды айтты.
Осы бағытта Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 1 мың төсек орындық аурухана салынады. Сонымен бірге 10 медициналық мекеменің құрылысы жүргізіледі. Қала орталығынан шалғайда орналасқан аумақтарда 12 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады.
Бүгінде 36 медициналық ұйымның материалдық базасы жаңартылған. 6 медициналық ұйымның ғимараттары биыл күрделі жөндеуден өткізілген.
Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында жыл сайын 300 мыңнан астам скринингтік зерттеулер жүргізіледі. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қаражаты артады.

Президент отандық дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтың үлесін бүгінгі 17 пайыздан 50 пайызға жеткізу межесін белгіледі. Қаламызда фармацевтикалық кластер дамыған. Медицина жабдықтарының өндірісі де жолға қойылған. Бұл көрсеткішке қол жеткізуге мегаполистің әлеуеті жетеді деп сенеміз.