Шымкентте 23 жастағы азаматша коронавирус жұқтырды

0
731

Ол коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған.


Шымкентте 23 жастағы азаматша коронавирус жұқтырды

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын тағы бір азаматша жұқтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ауру жұқтырған азаматша 1997 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны. Ол коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

Диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
15.04.2020 жылы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 40 адам анықталды.