Шымкентте 250-ден астам оқушы туу туралы куәлігінсіз оқып жатыр

0
1 067

Бұл туралы қала басшысы үкіметтік емес ұйым жетекшілерімен кездесу жиынында мәлім болды.


Шымкентте  250-ден астам оқушы туу туралы куәлігінсіз оқып жатыр

Бүгін Шымкент қаласының әкімі үкіметтік емес ұйым жетекшілерімен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың дамуына жағдайлар жасалып жатқандығын жеткізген Ерлан Қуанышұлы билік пен бұқараның арасындағы іргелі байланыс орнататын ұйымдардың дамуына үлкен сеніммен қарайтынын атап өтіп, өткен кездесу жиынын өзі жүргізді.

«Елімізде азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға бағытталған оң саясаттың нәтижесінде мыңдаған азаматтарды біріктіретін қоғамдық сектор - еліміздің әлеуметтік экономикалық, саяси дамуына ықпал ететіндей күшке айналды. Жалпы азаматтық сектор қоғаммен қарым-қатынаста маңызды орын алып, қоғамның мәселелерін шешуде мемлекеттік органдарға әділ әріптес деген көзқарас қалыптасты», - деді қала әкімі.

Жиын барысында Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Білісбеков Жұмағали сөз алып, атқарылған жұмыстарымен Альянс миссиясын баяндап, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып жасалған бағдарламасының концепциясын қала басшысына ұсынды.

Сондай-ақ басқосуға келген үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қала басшысына өз ұсыныстарын мен тапап тілектерін жеткізді. Жиында "Сана сезім" қоғамдық бірлестігінің өкілі Шахноза Хасанова өзекті мәселелердің бірін көтерді.

"Біздің бірлестік балалар мен әйелдер құқығын қорғау бағытында жұмыс жасайды. Жұмыс барысында кездестіріп жатқан басты мәселелер туралы айтып өтейін. Бүгінде біздің жалпы орта білім беру мектептерінде кәмелет жасына толмаған туу туралы куәлігі жоқ балалар оқуда. Осыған байланысты денсаулық сақтау басқармасы, білім басқармасы және де өзіңіздің жәрдеміңізбен құжаттарды қалпына келтіруге көмектесуіңізді сұраймыз. Біздің мекеме құжаттарды қалпына келтіру бойынша барлық шығындар мен айыппұлдарды төлеу өз міндетімізге аламыз. Жақында Білім басқармасынан бүгінгі таңда 250-ден астам оқушы білім алып отырғандығы туралы мәлімет келіп түсті. Осыған байланысты олар тегін медициналық көмек ала алмайды, аттестат ала алмайды", - дейді "Сана сезім" қоғамдық бірлестігінің өкілі Шахноза Хасанова.

Бұндай оқиғалардың барын, сондай-ақ балалары түгел бүтіндей бір отбасының құжаты болмай шығып жатқанын да айтты қала әкімі Ерлан Айтаханов.

"Бұл мәселені қарастырамыз. Әкімшілік тарапынан қандайда бір құжаттар керек болса, болмаса комиссия құрып, жұмыс тобын ұйымдастырамыз. Сол жұмыс тобына өздеріңізді міндетті түрде қосатын боламыз", - деді қала басшысы.