Шымкентте шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 28,4 пайызды құрайды.
Шымкентте 160 мыңнан астам қала тұрғыны 70 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде тұрақты жұмыс істеуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Кәсіпкерлердің қаржылық жағдайын қалпына келтіру мақсатында 1 482 субъектінің 13 млрд теңге несие төлемдерін кейінге қалдыруға қолдау көрсетілді. Індет кезінде зардап шекккен 26 мыңнан астам бизнес нысаны мүлік және табыс салықтарынан босатылды.
Алдағы 5 жылда шағын және орта кәсіпкерлік 35%-ға, жұмыспен қамтылған азаматтар санын 4 миллионға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Бұл мақсатта биыл «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасымен 2,5 млрд теңге бөлінген.
Қазіргі таңда Шымкентте шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 28,4 пайызға жеткен.