Шымкентте 33 адамнан коронавирус анықталды

0
377

Оның ішінде 15 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 18 адам үй бақылауына алынды.


Шымкентте 33 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде КВИ-дің 33 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 33, белгілері жоқ – 0), деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 15 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 18 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 813 орын бар. Төсек-орын толымдығы 46 %-ды құрайды.