Қаланың ішінде 8 субұрқақтың насосы жаңартылуда.
Шымкент қаласында жазғы маусым басталғалы 35 субұрқақ іске қосылып, мегаполис тұрғындары мен қонақтарына кестеге сәйкес қызмет атқарып тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Айта кетейік, Биыл Шымкент қаласы Тұран ауданы аумағында 13 ауыз су бұрқағы орнатылады.
Олар Мәделі қожа - Рысқұлбеков көшелерінің қиылысы, Байтұрсынов – Бекбосынов, Момышұлы – Желтоқсан, Дулати – Рысқұлов, Темірлан тас жолы – Мангельдин, Темірлан тас жолы – Желтоқсан, Республика даңғылы – Асқаров көшесі және Темірлан тас жолы – Қожанов көшелерінде орналасады. Ауыз су бұрқағы қаланың келбетіне эстетикалық көрік қосып, жаяу жүргіншілердің шөлін басады. Себебі, су арнайы сүзгі арқылы өткізіледі. Аталған жұмыстар биылғы жылдың маусым айында басталып, шілде айында аяқталатын болады. Сондай-ақ, субұрқақтар шомылу маусымының соңына дейін жұмыс істейді. Барлық ауыз су бұрқақтары орталықтандырылған су құбырына тікелей қосылады. Ал, 2021 жылы Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында демеушілер есебінен адам көп шоғырланған 6 орынға ауызсу бұрқақтары орнатылған болатын.