​Шымкентте 37 мыңнан астам мүгедектігі бар тұрғынның қажеттілігі өтелді

0
96

Мүгедектігі бар азаматтарға қызметтер Aleumet мобильді қосымшасы арқылы да көрсетіліп жатыр. Ерекше жандар үйден шықпай-ақ мобильді қосымшаны телефонға жүктеп, өзіне қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс бере алады.


​Шымкентте 37 мыңнан астам мүгедектігі бар тұрғынның қажеттілігі өтелді

Шымкент қаласында мүгедектігі бар азаматтарды қолдау шарасы жылдан-жылға артып келеді. 2025 жылдың 1 қыркүйектегі мәліметке сәйкес, шаһарда 42 702 мүгедектігі бар адам тіркелген. Оның ішінде 8 348 жан – 18 жасқа дейінгі балалар.

Мүгедектігі бар азаматтарды қажетті құрылғылармен қамту үшін 2024 жылы 12,6 млрд теңге бөлінсе, биыл 14,7 млрд теңге қаралып отыр. Сегіз айдың қорытындысы бойынша ерекше жаңдарға 9,6 млрд теңгенің қажетті құрылғылары мен қызметтері берілді. Бұл қызметтер оңалтудың жеке бағдарламасына сай жүргізіледі.
Жыл басынан мүгедектігі бар тұрғындардан 47 924 өтініш түсіп, 37 254 өтініш қамтылып, көрсеткіш 77,8 пайызды құрады.
Атап айтқанда 5 304 протездік-ортопедиялық көмек құралдары, - сурдотехникалық, тифлотехникалық, 17 834 ерекше жанға гигиеналық құрал, 1 123 мүгедектігі бар адамға қоларба үлестірілсе, 2 654 адам жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметімен, 10 039 мүгедектігі бар адам шипажай жолдамасымен қамтылды.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтарға арнайы жабдықталған «Инватаксидің» 38 көлігіне 493 өтініш қабылданып, бүгінде қызмет көрсетіліп отыр.
Мүгедектігі бар азаматтарға қызметтер Aleumet мобильді қосымшасы арқылы да көрсетіліп жатыр. Ерекше жандар үйден шықпай-ақ мобильді қосымшаны телефонға жүктеп, өзіне қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс бере алады.
Мобильді қосымшаны пайдалана алмайтын мүгедектігі бар тұрғындар басқармаға келіп, қызметкерлердің көмегімен қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беру мүмкіндігі де қаралған.
Бөлісу