Шымкентте 4 мәдени клубтың құрылысы аяқталды

0
600


Шымкентте 4 мәдени клубтың құрылысы аяқталды

Шымкент қаласы аумағында тозығы жеткен мәдени клубтар бұзылып, жаңа нысандар салынды.

Абай ауданы Көкбұлақ тұрғын алабындағы «Көкбұлақ клубы», Қаратау ауданы Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы «Қайнарбұлақ клубы», Еңбекші ауданы Базарқақпа тұрғын алабындағы «Қаратөбе клубы», Қаратау ауданы Өтеміс тұрғын алабындағы, «Өтеміс клубы» заманауи үлгіде бой көтерді.

Мәдени іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында 5 мәдениет үйі мен 5 клуб ғимараты штатымен қоса аудан әкімдіктерінің теңгеріміне өткізілуде.

Сонымен қатар биыл Тоғыс тұрғын алабында орналасқан 350 орындық «Қазығұрт» мәдениет үйі жеке меншіктен мемлекет меншігіне ақысыз негізде берілді. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Ал жуырда пай далануға берілген жаңа конгресс холл ғимаратына «Шымкент концерт» ұйымы (филармония) орналасты.

Бөлісу