Шымкентте 40 мыңнан астам азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды

0
1 342

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде Шымкентте 41768 азамат әлеуметтік қолдау шараларына ие болды. Сондай-ақ, инвесторларды қолдау және даму жобаларын тиімді іске асыру мақсатында жобалық кеңсе құрылды.


Шымкентте 40 мыңнан астам азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды

Шымкенттік 41768 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру үшін мемлекет пен адамдардың күш біріктіруі қоғамның дамуына тікелей әсер ететіні анық. Осы тиімді жүзеге асыру мақсатында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама ТӨРТ бағыттан тұрады.

Бірінші бағыт бойынша, 2019 жылы 2000 адамды техникалық және кәсіптік оқыту жоспарланған. Нәтижесінде 1500-ге тарта адам жолданды.

Ал екінші бағыт бойынша, 83 азаматқа шағын несие алу үшін жолдама берілсе, "Бастау бизнеспен" 2955 азамат оқытылып, куәліктері табысталды. 3478 азамат 505 мың тг. мемлекеттік грантқа ие болды.

Үшінші бағытқа тоқталсақ, 41768 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Оның ішінде 28339 жұмыссыз азаматтар тұрақты, уақытша және жаңа жұмыс орындарына жолданды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына - 484, жастар тәжірибесіне 3503, қоғамдық жұмыстарға - 2252 азамат жолданды.

Төртінші бағыт бойынша, "Жас кәсіпкер" жобасымен 1407 азамат оқытылып, куәліктер табысталды.

Сондай-ақ, Шымкент қаласында инвесторларды қолдау және даму жобаларын тиімді іске асыру мақсатында жобалық кеңсе құрылды. Жаңа бастама елімізде авторлық әдістемесі бар «Евни групп» консалтингтік ұйымымен бірлесіп енгізілді. Аталмыш жоба да 4 базалық бағыттан тұрады. Нақтырақ айтсақ, «адами капитал», «инфрақұрылымды дамыту», «кәсіпкерлік, индустрия және агроөнеркәсіп», «мемлекеттік қызмет». Аталған салалар бойынша құны 213 млрд.теңгеге 387 жобаны тиімді іске асыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде биыл 10 мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделуде.