Шымкентте 5 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды

0
628

Оның ішінде заңсыз тексерулердің жолын кесті, мемлекеттік органдардың актілерінің күшін жойды.


Шымкентте  5 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру және Бас прокуратураның тапсырмасын орындау аясында ағымдағы жылы Шымкент қаласының прокуратурасы 5 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтарын қорғады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде заңсыз тексерулердің жолын кесті, мемлекеттік органдардың актілерінің күшін жойды.

Құқықтық статистика органдарымен бірлесіп мораторий кезеңінде қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы бастамашылық еткен кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу сатысында 7 тексерудің жолы кесілді.

Қадағалау актілері бойынша тыйым салу-шектеу сипатындағы, оның ішінде бақылаушы органдардың 12 шарасы жойылды. Мысалы, карантин кезінде қоғамдық тамақтану объектілерінің, дүкендердің жұмыс уақытын арттыру бағытында қаланың санитарлық дәрігерінің қаулысы жойылып, жаңасы шығарылды.

Сонымен қатар бұрын прокуратура тағайындау негіздерін жойған 23 салықтық тексеру қадағалау актісі бойынша тоқтатылды.

Бұдан басқа, мемлекеттік сатып алу саласында әлеуетті жеткізушілерге қойылатын талаптарды негізсіз жоғарылатқан 1 млрд. теңге сомаға 28 конкурс жойылды.

Мобильді топ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысында жол айрығының салынуына байланысты жол жабылған бизнестің 40 нысанына келушілердің қолжетімділігін қамтамасыз етті. Жалпы прокуратура бизнес үшін 10-нан астам әкімшілік кедергілерді жойды.

Кәсіпкерлердің барлық құқықтарын бұзылуы бойынша мемлекеттік органдардың 15 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.