Шымкентте 5 жасар бала коронавирус жұқтырды

0
800

Бүгінде Шымкентте барлығы 176 адам вирус жұқтырған.


Шымкентте 5 жасар бала коронавирус жұқтырды

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын тағы 1 адам жұқтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Вирус жұқтырған азамат 2015 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны. Науқас мұнан алдын коронавирус инфекциясы анықталған 1990 жылғы азамат қарым-қатынаста болуына байланысты, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
28.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 176 адам анықталды.