Шымкентте 5 жасар баладан кавасаки тәріздес синдром анықталды

0
634

Қауіпті індет анықталған балақайдың жағдайы алғашқы үш күнде нашарлап кеткен.


Шымкентте 5 жасар баладан кавасаки тәріздес синдром анықталды

Шымкент қаласында кавасаки тәріздес синдромға шалдыққан бес жасар бала ауыр халде ауруханаға түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

30-шіле күні «Асар» шағын ауданындағы балалар ауруханасына жедел жәрдем қызметімен бес жасар бала ауыр халде жеткізілген. Денсаулығы сыр берген балақайды дәрігерлер жансақтау бөліміне шұғыл жатқызып, тексеру жұмыстары жүргізілді.
Науқас баладан алынған сынама нәтижесінде кавасаки тәріздес синдром анықталған. Қауіпті індет анықталған балақайдың жағдайы алғашқы үш күнде нашарлап кеткен. Тек төртінші тәулік күні ғана науқас баланының денсаулық жағдайы тұрақталған.
Емдеу шараларымен қатар мамандар инфекцияға шалдыққан баланың ағзасындағы өзгерістерді дер кезінде анықтап, өміріне төнген қауіпті алдын алған.
Ата-анасының сөзінше, баласында аурудың алғашқы белгілері байқалғанда, жекеменшік клиникада ем алған. Балада ауру белгілері басылған соң, үйдегі үлкендер сырқатына мән бермепті. Алайда араға бір апта салып, баланың жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөлімінен бір ақ шыққан.
«Бұл биыл тіркелген кавасаки тәріздес мультижүйелі қабыну синдромына шалдығудың екінші жағдайы. Ал былтыр кавасаки тәріздес мультижүйелі қабыну синдромы төрт баладан анықталған», - дейді қалалық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігері Динара Жумадилова.