Шымкентте 6000-ға жуық ағаш көшеті отырғызылды

0
1 014

Акция 13 қараша күні де жалғасады.


Шымкентте 6000-ға жуық ағаш көшеті отырғызылды

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 21 қазандағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі отырысындағы орман қорында 2 миллиард және елді мекендерде 15 миллион ағаш көшеттерін отырғызу жөніндегі бастамасын қолдау мақсатында 2022 жылғы 12- қараша күні Шымкент қаласындағы «Шымсая» шатқалында «Ассамблея жастары» РҚБ Шымкент қалалық өкілдігі мүшелері, этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар қанаттарының өкілдері мен волонтерлардың қатысуымен «Ағаш отырғызу – сауапты іс» тал егу акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Акция 13 қараша күні де жалғасын табатын болады.
Акция барысында шатқал маңында 6000-ға жуық ағаш көшеттері отырғызылды.
Сонымен қатар, аталған ағаш егу акцияларына Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында жүзеге асырылып жатқан «Жасыл ел» еңбек жасақтарының құрамына енгізілген этнос жастары да белсенділік танытуда.
Шымкентте 2022 жылдың 5 қарашасынан бастап жаппай ағаш егу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, нәтижесінде қала аумағына жалпы 160 696 ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Оның ішінде: Дендросаябақ аумағына 5000 көшет, аудан әкімдіктерімен көше бойларына 35 696 көшет, «Жасыл белдеу» КММ жерлеріне 120 000 көшет.
Айта кету керек, Қазақстанда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жұмыстарына жастарды тарту мақсатында 2021 жылы «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылған болатын. Ұйымның Шымкент қалалық өкілдігі 2022 жылғы 1 ақпан күні мемлекеттік тіркеуден өтіп, қарқынды жұмыс жасап келеді..
Ұйымның төрағасы – Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2-курс студенті Мейірбеков Нұрболат.
Бүгінде 100-ден астам этнос өкілдері мекен ететін өңірімізде 17 этномәдени бірлестіктің жанынан жастар қанаттары құрылған. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында 29 «Достық» клубы ашылып, жұмыс жасайды.
Қазіргі таңда ұйымның қалалық штабына 20 жас мүшелік етеді. Олардың қатарында мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар қанаттарының, «Достық» клубтарының мүшелері, т.б. этнос жастары бар.
Жыл басынан бері «Ассамблея жастары» РҚБ Шымкент қалалық өкілдігі мүшелерінің қатысуымен 62 іс-шара ұйымдастырылып, оған жалпы 6000-нан астам жастар қамтылды.