Шымкентте 9 кәсіпкерді тақырға отырғызған ерлі-зайыптылар ұсталды

0
866

Олар кәсіпкерлерден 64 335 220 теңгенің тауарын жымқырып кеткен.


Шымкентте 9 кәсіпкерді тақырға отырғызған ерлі-зайыптылар ұсталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Алаяқ ерлі-зайыптылар үш жыл бойы жәбірленуші кәсіпкерлерден 64 335 220 теңгенің азық-түлігін жымқырған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталған алаяқтар кәсіпкерлердің сеніміне кіріп, әртүрлі көлемде үстеме бағада сатуға деп азық-түлік алып жүрген және алғашқыда ақшасын уақытында беріп жүріп, кейіннен ізін суытқан. Ал, алаяқтықпен алған азық-түлік тауарларын басқа адамдарға құнынан төмен бағаға өткізген. Содан соң, тапқан ақшаны жеке бастарына жаратқан жұбайларды құрықтағанқұқық қорғау органдары күйеуі мен әйелінің үстінен қылмыстық іс қозғап, сот алдында жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы Абай аудандық соты қылмыскерлерді кінәлі деп танып, екеуін де 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

«Шымкент қаласының Абай аудандық сотының үкімімен А. мен Н. ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға осы баппен 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленген», - делінген Шымкент қалалық сотының хабарламасында.