Шымкентте әкім елдімекендерді аралап, тапсырмалардың орындалуын қадағалады

0
3 031

Ғабит Әбдімәжитұлы сала басшысына құрылыстың өндірістік кестеге сай, сапалы атқарылуын бақылауды міндеттеді.


Шымкентте әкім елдімекендерді аралап, тапсырмалардың орындалуын қадағалады

ERNUR.KZ. Ғабит Сыздықбеков елдімекендерді аралап, бірқатар өзекті мәселе бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын бақылады.


Ең алдымен, Төлеметов көшесіндегі кәріз сорғы стансасын тексерді. Тұрғындар апаттық жағдайлардан жарық сөнгенде істен шығып қалатын сорғы жүйелеріне қатысты шағымданған болатын. Азаматтардың арызы ескеріліп, аталған мекенжайдағы кәріз құбыры басқа желіге ауыстырылып, ақаулар қалпына келтірілді.

Бүгінде Күншығыс елдімекеніндегі №41,42,66 көпқабатты үйлерде мыңға жуық тұрғын тұрады. Қала әкімі осы аумақтағы азаматтармен кездесіп, өзекті мәселелердің шешімін бірге қарастырды. Жергілікті халық ауланы абаттандырып, балалар алаңшасын салуды сұрады. Әкім тапсырмасына сәйкес, биыл мұнда «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында көп функциялы ашық спорт және балалар ойын алаңшалары орнатылады. Сонымен қатар, алдағы уақытта қала аумағындағы балалар ойын алаңдарын бір үлгіде жасақтау бойынша тапсырма берді.

Теміржол вокзалын реконструкциялаудың мақсаты – жолаушы өткізу қабілетін 2 мыңнан 6 мың адамға дейін ұлғайту, сондай-ақ жолаушыларға заманауи талапқа сай қолайлы жағдай жасау. Қала әкімі жауаптылармен бірге қайта жаңғырту жұмыстарын қадағалап, осыған дейін берілген тапсырмалардың орындалуын тексерді. Қазір ғимараттың ауданы 1770,2 шаршы метрді құрайды, реконструкциялаудан кейін 2250 шаршы метрге дейін кеңейтіледі.

Ғабит Әбдімәжитұлы сала басшысына құрылыстың өндірістік кестеге сай, сапалы атқарылуын бақылауды міндеттеді. Озық үлгідегі темір жол вокзалы туристер мен қонақтардың мегаполиске деген жағымды әсерін қалыптастырып қана қоймай, қала экономикасының дамуына зор ықпал етеді.
Бөлісу