Екі сағаттық операция кезінде көлемі 10–11 см ісік алынып тасталды.
Шымкент қаласында алғаш рет ұйқы безі ісігіне тіліксіз ота жасалды.
№1 қалалық клиникалық ауруханаға ұйқы безі құйрығының ісігі диагнозымен түскен науқас басқа қалалардағы клиникаларда бірнеше рет тексеруден өткен. Алайда ол ота жасату үшін осы мекемеге таңдау жасаған. Дәрігерлер толық диагностикалық тексерулер жүргізіп, науқасты отаға дайындады.
Екі сағаттық операция кезінде көлемі 10–11 см ісік алынып тасталды. Лапароскопиялық әдістің ерекшелігі – науқас тез оңалады, тіліксіз орындалады және косметикалық тұрғыдан да тиімді.
Ұйқы безі қатерлі ісігі – ең агрессивті әрі емдеуі қиын ісіктердің бірі. Оның алғашқы белгілері ісік айтарлықтай үлкейгенде немесе басқа ағзаларға таралған кезде ғана байқалады. Негізгі симптомдары: іштің жоғарғы бөлігіндегі немесе арқадағы ауырсыну, тәбетсіздік, жүрек айну, салмақтың күрт төмендеуі, сондай-ақ кейбір жағдайларда қант диабетінің кенеттен пайда болуы.
Сондықтан уақытылы тексеруден өту аса маңызды.