Шымкентте ANTIKOR ORTALYǴY сервистік орталығы ашылды

0
1 474


Шымкентте ANTIKOR ORTALYǴY сервистік орталығы ашылды

Шымкентте ANTIKOR ORTALYǴY сервистік орталығы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ашықтық, тиімді кері байланыс, адамдардың қажеттілігіне жедел әрекет ету Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің маңызды басымдықтарының бірі болып табылады.

Осы мақсатта Шымкентте ANTIKOR ORTALYǴY сервистік орталығы ашылды. Агенттіктің сервистік орталықтарының жұмысы Президенттің халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасына толықтай сәйкес келеді.

Жаңа сервистік орталықтың салтанатты ашылуына Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев, мегаполис әкімі Мұрат Айтенов, "Шымкент - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің, Арнайы мониторинг тобының, "Ізгілік елшісі" жобасының, қала әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ Агенттік пен Департамент қызметкерлері қатысты.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, сервис орталығы барлық қажетті талаптарды ескере отырып, ең бастысы ашықтық, қарапайымдылық және кедергісіз қызмет көрсету қағидаты бойынша құрылған.

«Біз күн сайын мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар арасындағы қарым-қатынастың барынша өзгеріп жатқанын байқап жүрміз. Шенеуніктер өз ойын тәртібін белгілеп, ал азаматтар оған бағынатын жабық процестер барлық әлемде келмеске кетуде. Қазір басымдықтар өзгеруде, енді бюрократияға емес, азаматтардың қажеттіліктеріне ден қойылуда, тұтынушыға бағдарлану алдыңғы орында тұр. Агенттік те өз қызметінде осы қағидатты ұстанады және жемқорлықтың салдарымен күреспей, оның алдын алу үшін азаматтардың шағымдарымен жұмысқа көп көңіл бөледі» - деп атап өтті А.Шпекбаев.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының әкімі М.Айтенов: «Қазіргі таңда Шымкент қаласында көрсетілетін 160 мемлекеттік қызметтің 88,1% автоматтандырылған. Бұл жемқорлықты азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға бағытталған құқықтық-әкімшілік және ұйымдастырушылық шараларды іске асыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті.