Көрермендерге ерекше су қойылымы ұсынылады. Субұрқақтар маусымы ресми аяқталғанымен, қала тұрғындары мен қонақтары бірегей қойылымды алдағы жылы күндері тамашалай алады. Одан кейін нысан қысқы маусымға сақтауға қойылып, келесі көктемде қайта іске қосылады.
Мегаполистегі «Көл» демалыс аймағында заманауи музыкалы-лазерлі субұрқақ салтанатты түрде іске қосылды. Жаңа нысан қала көркін одан әрі ашып, қарқынды дамудың символы ретінде ерекше әсер қалдырады.
Бұл – Шымкенттегі лазерлік, жарық және отты шоуды біріктірген алғашқы кешенді субұрқақ. Жарық, музыка және отты көріністер кешкі және түнгі мезгілде тамаша үйлесіп, тұрғындар мен қала қонақтарына ерекше әсер сыйлайды.
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында шаһар әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбектің қатысуымен өткен брифингте айтылды.
Субұрқақта заманауи жүйе орнатылған: ол қалыпты ырғақтағы музыкалық композицияларды да, лазер сәулелі динамикалық шоуларды да орындай алады. Барлық техникалық элементтер шетелде әзірленіп, монтаждау кезінде энерготиімді шешімдер мен автоматты басқару жүйелері қолданылды. Бұл субұрқақтың жұмысын оңтайландырып, күтіп-ұстау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Жаңа нысанның жұмыс кестесі:
• 18:00–18:20
• 19:00–19:20
• 20:00–20:20
• 21:00–21:20
• 22:00–22:20
Көрермендерге ерекше су қойылымы ұсынылады. Субұрқақтар маусымы ресми аяқталғанымен, қала тұрғындары мен қонақтары бірегей қойылымды алдағы жылы күндері тамашалай алады. Одан кейін нысан қысқы маусымға сақтауға қойылып, келесі көктемде қайта іске қосылады.
«Көл» демалыс аймағындағы субұрқақтың ашылуы – қаладағы демалыс инфрақұрылымын дамыту және жайлы ортаны арттыруға бағытталған кешенді абаттандырудың маңызды кезеңі. Әсемдік, технология және қолайлылықты үйлестірген жаңа кешен бүгіннен бастап Шымкент тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын тудырды және алдағы уақытта мегаполистің көрікті орындарының біріне айналатыны сөзсіз.
Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.


