​Шымкентте әскери қызметшілерге діни экстремизм туралы айтылды

0
808

Семинарға қатысушылар түрлі діни ағымдармен танысты.


​Шымкентте әскери қызметшілерге діни экстремизм туралы айтылды

Діни экстремизм идеясының армия ортасына таралуына жол бермеу мақсатында 10216 әскери бөлімінің базасында Шымкент қаласы дін істері басқармасының теологы әскери қызметшілермен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалалық дін істері басқармасының теологы Икрам Айтаев тыңдаушыларға тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда діни институттардың айтарлықтай сандық және сапалық өсуі болғанын хабарлады. Ол семинарға қатысушыларды түрлі діни ағымдармен таныстырды.
- Бүгінгі таңда біздің республикамызда 17 конфессияны білдіретін 3088 тіркелген діни бірлестіктер мен олардың филиалдары жұмыс істейді, - деп атап өтті Икрам Айтаев.
Теолог өз баяндамасында экстремизмнің туындау мәселелеріне ерекше назар аударды, кездесуге қатысушыларды діни қызмет саласында қабылданған заңға шолу жасады, сондай-ақ соңғы уақытта әлеуметтік желілер арқылы белсенді таратылып жатқан діни ақпарат мәселелерін қозғады.
Сонымен қатар, тыңдаушыларға ел аумағында соттың шешімімен тыйым салынған деструктивті діни ағымдардың белгілері мен салдары айтылды, олардың қандай мақсатқа ұмтылатыны және адамдарды өз қатарына тарту әдістері туралы ақпарат жеткізілді.
- Егер біз халыққа, оның ішінде әскери қызметшілерге дін туралы дұрыс ақпарат бермесек, онда мұны сырттан келген радикалдар жасайтын болады, - деп қосты теолог.

Соңында Икрам Сатыбалдыұлы әскери қызметшілерді өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындауға және діни экстремизм идеяларының армия ортасына енуіне жол бермеу үшін қырағылықты ұмытпауға шақырды.