Жұмыспен қамту шараларының нәтижесінде АӘК алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 61%-ға азайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік осал азаматтарды қолдау және атаулы әлеуметтік көмектің тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында Шымкентте жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінде атаулы әлеуметтік көмек 1 858 отбасының 9 597 адамына тағайындалды. 2025 жылы бұл көрсеткіш 4 763 отбасы және 25 063 адам болған. Жұмыспен қамту шараларының нәтижесінде АӘК алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 61%-ға азайды.
Сонымен қатар АӘК алатын отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға ай сайын 1,5 АЕК, яғни 6 488 теңге көлемінде қосымша төлем қарастырылған. Қазіргі таңда бұл төлем 1 658 отбасының 3 308 баласына тағайындалды. 2025 жылы аталған қолдауды 4 336 отбасының 8 633 баласы алған.
Бұл көрсеткіштің төмендеуі азаматтарды жұмыспен қамту және отбасылардың тұрақты табыс көзін қалыптастыру бағытындағы шаралардың нәтижесін көрсетеді.


