Шымкентте ауыл шаруашылығы өнімдері мол жиналуда: 8 айда 66 мың тонна өнім алынды

0
268


Шымкентте ауыл шаруашылығы өнімдері мол жиналуда: 8 айда 66 мың тонна өнім алынды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Базарбеков Қайрат Мейірханұлы баспасөз конференциясын берді.

Қайрат Мейірханұлының айтуынша, Шымкент қаласында биыл ауыл шаруашылығы белсенді қарқынмен дамып келеді. Жалпы 26,5 мың гектар жерге әртүрлі дақылдар егілген, оның ішінде:

• дәнді дақылдар – 10,9 мың га (бидай – 10,3 мың га, арпа – 0,6 мың га);
• майлы дақылдар – 3,0 мың га;
• мал азықтық дақылдар – 9,0 мың га;
• көкөніс пен бақша – 3,1 мың га;
• картоп – 0,5 мың га.
Тамыз айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 32,5 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 103,3%-ды құрады. Ал жыл соңына дейін егістік алқаптарынан 86 мың тонна өнім жиналады деп жоспарлануда. Қазірдің өзінде 66 мың тонна өнім жиналып үлгерді.
Сонымен қатар, қысқы маусымға 307 мың тонна мал азығы дайындалды. Бұл белгіленген жоспардың 93%-ын құрайды.
Шымкенттің ауыл шаруашылығы саласы жылдан жылға қарқынды дамып, қала тұрғындарын сапалы өніммен қамтамасыз етіп келеді.
Бөлісу