Шымкентте автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты

0
2 457

Олар өздеріне 300 мың теңге көлемінде еңбекақы берілуін талап етуде.


Шымкентте автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты

Бүгіннен бастап «Шымкент BUS» компаниясының жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты. Олар өздеріне 300 мың теңге көлемінде еңбекақы берілуін талап етуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Компания басшысы Азат Сахатұлының айтуынша, жүргізушілер айлығы алғашқы кезде 130 мың теңге болса, кейіннен 155 мың теңгеге дейін өскен.


Қазіргі таңда компания басшылығы мен жүргізушілер арасында екі жақты келіссөздер жүргізілуде. Қоғамдық көлік жұмысы қайта қалпына келтірілуде.


Еске сала өтсек, Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Төлем» жүйесі енгізілген. Бірақ жүйе енгізілгеннен бастап көліктерге қойылған валидаторлардың түрлі себептермен істен шығуы тұрғындардың наразылығын тудырғаны жасырын емес. Осыған орай, 1 ақпаннан бастап ТӨЛЕМ жүйесі істен шыққан жағдайда, қоғамдық көліктер ақысыз қызмет көрсететінін хабарлаған болатынбыз.