Шымкентте басқарма басшысы чемпиондарды қабылдады

0
95

Инкарбек Бағлан Бахытұлы - фристайл спорт түрінен Шымкент қаласының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды.


Шымкентте басқарма басшысы чемпиондарды қабылдады
Бүгін қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков батуттық гимнастикадан біреше дүркін Әлем, Азия чемпионы Пирмаммад Алиев пен фристайл-акробатикадан қысқы Универсиада чемпионы Бағлан Инкарбекті қабылдады.
Алиев Пирмаммад Садиярович - батуттық гимнастикадан Шымкент қаласының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды.
Пирмаммад Садиярович 1997 жылы 2 қараша күні дүниеге келген. Батуттық гимнастикадан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Әлем, Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері. 2016 жылы Рио-Де-жанейро қаласында өткен ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысушы, 2018 жылы Джакарта қаласында өткен ХVІІІ жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері. Қазақстан Республикасы чемпионаттары мен халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

Инкарбек Бағлан Бахытұлы - фристайл спорт түрінен Шымкент қаласының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды.

Бағлан Бахытұлы 1994 жылы 22 қазан күні Шымкент қаласында дүниеге келген. Фристайл спорт түрінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
011 жылы фристайл-акробатикадан өткен Қазақстан Республикасының Кубогында II-ші орын.
2011 жылы фристайл-акробатикадан өткен Қазақстан Республикасының III-ші қысқы Спартакиадасында II-ші орын.
XVIII-ші қысқы Бүкіләлемдік Универсиада фристайл-акробатикадан - I орын.
2017 жылы 31 наурыз, Италия мемлекетінде Valmalеnko-қаласында өткен ЕУРОПА Кубогында III-ші орын.
Бөлісу