Шымкентте бір тәулікте 221 адам коронавирус жұқтырды

0
581

Оның ішінде 104 адам инфекциялық стационарға жатқызылды.


Шымкентте бір тәулікте 221 адам коронавирус жұқтырды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шаралары күшейтіліп келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалада өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 221 жағдай тіркелді. Оның ішінде 104 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 117 адам үй бақылауына алынды. Бүгінде шаһардағы инфекциялық стационарларда жалпы аталған вирустан 157 адам емделуде, жансақтау бөлімінде 12 науқас ем қабылдауда.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 253 орын бар, төсек орын толымдығы 62 пайызды құрайды.
Сонымен бірге бір тәулік ішінде қалада 270 адам вакцина алды (I компонент- 44, II компонент- 226). Егу науқаны басталғалы барлығы 592 986 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 576 817 адам вакцинаның екі компонентін алған. Pfizer вакцинасының I компонентін 17 663 адам, II компонентін 7 850 адам қабылдады. Сондай-ақ, 37 934 адам ревакцинацияланды.